
Педофилдерге түрмеден шыққанға дейін кастрация жасалмақ
Денсаулық сақтау министрінің «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер енгізілмек, — деп хабарлайды kazinform.kz.
Онда педофилдерге түрмеден шығармай тұрып химиялық кастрация жасау көзделген.
— Мекеме әкімшілігі химиялық кастрацияны босатудан алты ай бұрын қолдану және материалдарды жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін он екі айдан кешіктірмей олардың психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігінің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа жіберу туралы түзету енгізеді, — делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасында.
Құжат 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шырылып отыр.
Айта кетейік, еліміздің Ішкі істер министрлігі педофилдерді өмір бойы бақылауға алмақшы.