Жарнама
Құқық

«ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ» ол қандай болады?

Бір қуанарлығы, сайыстың «нар тәуекел» деген бөлімінде қалта ұрлығы кезінде, көшедегі үйден өрт шыққанда, алаңда өсіп тұрған гүлді біреулер жұлып жатқанда, қоғамдық орында мылтық атылғанда, әйел адамның сумкасын бөтен жігіт алып қашқанда, банкіден бетперде киген кісілер сыртқа жүгіре шыққанда, аяқ астынан біреуді жылан шаққанда не істеу керек деген сауалдарға сайыскер командалардың қай-қайсысы да дұрыс жауап берді. 
Бұдан олардың өз қызметтеріне шын берілген, өз кәсібінің нағыз маманы екенін ұғыну қиын болмады. Осынау конкурстың басы-қасында жүрген ОІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, бұл, ең алдымен, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды көздеген, полицейлер бойындағы ізгілік пен парасаттылықты шыңдай түсуге бағытталған сайыс болды.
Конкурсты қорытындылаған Атырау ОІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қандарбек Бақтыгереев қатысушыларға да, жанкүйерлерге де алғысын айта келіп, жеңімпаздарға ОІІД атынан дайындалған арнайы «Дипломдарды» салтанатты жағдайда табыс етті. Сонымен, бірінші орын — Атырау қалалық ішкі істер басқармасы, екінші — облыстық ІІД, ал үшінші орын мемлекеттік мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасына бұйырды. Бұларға қоса Индер, Құрманғазы аудандарының командалары мен жеке қызметкерлер — Айбек Айтенов, Азамат Салқымбаев, Тілекші Шамұратова, Ержан Зарипов, Алтын Сәрсеновалар да «Дипломмен» марапатталды.
Ал, алдағы қыркүйек айында өтетін республикалық «Парасатты полицей» конкурсына осы жеңімпаздардың арасынан ең мықтылары сараланатын болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button