ӨЗІН-ӨЗІ «ТОНАПТЫ»
Суыт хабар сақшыларды аяғынан тік тұрғызды. Жедел топ құрылып, қылмыскерлерді іздеуге кірісті. Осы мақсатқа учаскелік полицейлер де жұмылдырылды. Содан тергеу-тексеру, іздеу шаралары жалғасып жатты. Алайда, қылмысты ашуға бастайтын бір сабақ жіп табылсайшы. Ойды да, қырды да шарлағанмен күдік келтіретіндей ештеңе жоқ.
Тергеушілер кенет арызданушының сөйлеген сөзі, жүрген жүрісінен жаңыла бастағандығын байқайды. Күдік бекер емес екен. Сол күні кеште ол өзін әлдекімдердің ұрып-соққандығы туралы хикаяны ойдан шығарғанын мойындады. Сөйтсе, бұл сабазың қалтасындағы бар ақшасын оңды-солды жұмсап тауысқан. Отбасының алдында қалай ақталарын білмей, ақыр соңында өзінің бетін өзі жарақаттап, полицияға арызданған көрінеді.
Қазір шағымданушы теріс қылығы үшін қатты өкініп отыр. Себебі, оған қатысты «қылмыс жасалғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін» қылмыстық іс қозғалды. Сол бойынша сақшыларды сабылтқан адам жауапкершілікке тартылып, ірі көлемде айыппұл төлеуі немесе үш жылға дейінгі мерзімін абақтыда өткізуі мүмкін.
Бек АЙДАРАЛИ.