Құқық
ОЙЫН АЛАҢЫНДА БАЛАНЫ ТҰНШЫҚТЫРҒАНЫ КАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ
ПД мәліметінше, оқиға қала аудандарының біріндегі спорт алаңында болған. Төбелескен балалар небәрі 9 және 10 жаста екен.
«Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында төбелес болғанын анықтады. 9 жасар бала тұншықтыру салдарынан жерге құлаған. Балалар ата-аналарына ештеңе айтпаған. Ата-аналары төбелес туралы WhatsApp желісінде тараған видеодан білген. Бүгін бұл факт мектептегі жасөспірімдердің ата-аналары, мұғалімдер мен ювеналды полиция қызметкерлері шақырылған профилактикалық кеңесте қаралады», — деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Tengrinews.kz