Жарнама
Құқық

Өзбекстаннан келген әйел қылмыс үстінде ұсталды

Атырау қаласында притон ұйымдастырған Өзбекстан Республикасының азаматшасы ұсталды.

16 маусым күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері  «Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Атырау қаласы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтаумен айналысқан азаматшаны анықтады. Тергеу барысында оның 1998 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматшасы екендігі анықталып,​ жалдамалы пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар 2 полиэтилен пакет, өсімдік тектес қағаз түйіншек және синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылып, тәркіленді. Атырау облысы бойынша сот сараптамалары Институты тәркіленген заттардың психотроптық заттар @-pvp және кептірілген марихуана екендігін анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК-нің 296​ бабы 4 бөлігімен бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button