Жарнама
Құқық

Назар аударыңыз! Ертең төтенше жағдай сигналы іске қосылады

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін Республикалық тексеру аясында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті биылғы 21 желтоқсанда сағат 8.00-ден 11.20-ға дейінгі кезеңде Атырау облысы халқын құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізеді. 

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, қалыптасқан жағдайда одан әрі іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықтарды алу үшін интернет-ресурстарда ақпаратты оқып шығуыңыз керек.

Барлықтарыңызды сигнал бойынша ешқандай әрекет жасамауды, тыныштық пен тәртіпті сақтауды сұраймыз.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button