Жарнама
Құқық

Мемлекеттік қызметкер, полицей және әскерилерге ойын-сауықтың бір түріне тыйым салынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді, әскери қызметкерлерді, полиция қызметкерлері мен құтқарушыларды ойын орындарына барудан бас тартуды міндеттейтін жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа құжат Президенттің бұрынғы кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізді.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлықта жаңа тармақ енгізілді: «Әскери қызметші қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы тиіс».

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлықта мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде: «Қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тарту» тармағы қосылады.

«Құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексін бекіту туралы» 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлықта құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексінде сондай-ақ: «Қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тарту» тармағы қосылады.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіле

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button