Жарнама
Құқық

Мейрамханадан смартфон ұрлаған әйел адам ұсталды

Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында 20-30 қараша аралығында қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

telefon

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Шара барысында Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің жедел-уәкілдері 19 қараша күні Атырау қаласы, Әуезов көшесінде орналасқан мейрамхананың бірінде ұрлық жасаған адамды ұстады. Тексеру кезінде маркасы iphone 12 ұрлаған 1985 ж.т әйел адам анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Айдарбек АҚАРЫС

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button