
Медиация – татулықтың темірқазығы
Бүгін, 5 тамыз — кәсіби медиаторлар күні. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім – елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі тірегі. Бұл құндылықтарды күнделікті өмірде сақтап, дау-жанжалдарды өркениетті жолмен шешуге жол ашып отырған медиация институтының маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Атаулы күні осы саланың даму барысына көз жүгірткен орынды.
Медиация – азаматтар арасындағы дауларды сотқа дейінгі тәртіппен, өзара келісім арқылы шешуге бағытталған балама тәсіл. Бұл бүгінгі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды тетік. 2011 жылы қабылданған «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аталған саланың құқықтық негізін айқындап, жаңа институттың іргесін бекітті. Содан бергі 13 жылда медиация жүйесі құрылымдықәрі мазмұндық тұрғыдан едәуір жаңғырып, қоғамөміріне тереңдей енді. Бүгінде бұл институт тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып қанақоймай, дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімдітетігіне айналып отыр.
Қазіргі таңда елімізде 23 медиатор ұйымытіркелген. 2000-нан астам кәсіби медиатор мен 1800-ге жуық қоғамдық медиатор тұрғындарға құқықтық көмеккөрсетіп, өзара түсіністікке жетуге дәнекер болып жүр. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымыкең. Жыл басынан бері әлеуметтік осал топ өкілдеріне10 мыңнан астам тегін кеңес берілсе, республика бойынша 98 медиация кабинеті жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 900-ден астам қоғамдық қабылдау өткізіліп, халыққа құқықтық қолдау көрсетілген.
Медиация саласын дамытуға уәкілетті орган – Мәдениет және ақпарат министрлігі басымдық беріп отыр. Министрлік медиатор ұйымдарының бірыңғай реестрін жүргізу, олардың қызметін үйлестіру, қоғамдық медиаторлардың жұмысын саралау және жаңғырту бағытында бірқатар кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Айта кетерлігі, соңғы жылдары этномедиация бағытына да ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл тәсілұлттық дәстүрлер мен мәдени ерекшеліктерді ескереотырып, этносаралық қатынастарда туындайтынкеліспеушіліктерді реттеуге мүмкіндік береді. Қоғамдықмедиаторлардың басым бөлігі этномәденибірлестіктермен тығыз жұмыс жүргізіп, ұлтаралықтатулық пен келісімге өз үлесін қосуда.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, алдағы уақытта медиация институтының қолданыс ауқымы кеңейіп, оның кәсіби әрі сапалы түрде жүзеге асырылуына ерекше мән берілмек.
Қоғамда келісім мен татулықтың ұйытқысы болып жүрген медиаторлардың еңбегі қандай құрметке де лайық. Кәсіби мерекеде ел ішінің ынтымағын бекемдеуге үлес қосып жүрген сала мамандарына шынайы ризашылық білдіреміз.
Майра ЕРҒАЛИ