Құқық
Мақаттағы қылмыстық оқиғада аудан тұрғыны қаза болды
Бүгін 15 сәуір күні Атырау облысы Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына белгісіз азамат хабарласып, бейтаныс 2 адам сөзге келісе алмай жатқаны жөнінде хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша Мақат аудандық ауруханасына 1987 жылы туған 4 адам түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
–Аталған оқиғада 1987 жылғы аудан тұрғыны алған дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қаза болды. Қазір тиісті заңдылықтар бойынша қылмыстық іс тіркеліп, 2003 жылы туған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — дейді аталған департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА