Жарнама
Құқық

Лесхозда жаңа салынған үй бұзылатын болды

Атырауда рұқсатсыз салынған төрт қабатты тұрғын үй сот шешімімен бұзылмақ.

Біздің басқармаға 2021 жылдың тамыз айында бір азаматтан өтініш түсті. Соған сәйкес Атырау қаласындағы «Лесхоз» шағын ауданында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізген компанияға қатысты тексеріс жүргізілді. Тексеру кезінде «Көктем» тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын рұқсат құжаттарынсыз жүргізіп жатқаны анықталды. Атап айтқанда, келісілген нобайлық жоба, жұмыс жобасы, сараптаманың оң қорытындысы мен құрылыстың басталғаны туралы хабарлама алынбаған. Сонымен бірге, учаскенің нысаналы мақсаты тұрғын үй кешені құрылысын салуға сәйкес келмейді.

Осыған байланысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 2021 жылғы 31 тамызда құрылыс компаниясына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 314, 316, 321, 463-баптарына сәйкес 1 млн 043 мың 780 теңге сомасына айыппұл салды. Сондай-ақ, заң бұзушылықтарды жоюға және рұқсат құжаттарын алғанға дейін құрылысты тоқтата тұру туралы нұсқама берілді. Ал, былтырғы 7 қыркүйекте құрылыс саласындағы қолданыстағы заңнаманың бұзылуына байланысты аталған нысанның құрылысын тоқтату туралы сот шешімі шығарылды.

Алайда, оған қарамастан, компания құрылысты одан әрі жалғастырды. Осыған байланысты біздің басқарма тексеруді қайта жүргізді. Оның қорытындысы бойынша құрылыс салушы тағы да 1 млн 108 мың 460 теңге әкімшілік айыппұлға тартылды. Бұған қоса, ҚР Азаматтық кодексі 244-бабының 1 және 2-тармақтары бойынша заңсыз нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. Қазір биылғы 21 шілдеде шыққан облыстық экономикалық соттың Атырау қаласындағы Т. Әлиев көшесі, 11 мекенжайында орналасқан «Көктем» тұрғын үй кешенін бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі бар.

Ерлан Қабдинов,

Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button