Жарнама
Құқық

КӨЛІК АПАТЫНЫҢ СЕБЕБІ НЕДЕ?

 

— Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, адам қазасына әкеліп соғатын жол-көлік оқиғаларының қатары күрт өскені байқалады. Сондықтан, апаттың алдын алу, мәселенің мәнісіне үңілу үшін облыстық прокуратура облыстық ішкі істер департаментімен бірге кешенді шараларды жүзеге асыруды қолға алды, — дейді облыстық прокуратураның аға бөлім прокуроры.

Жол бойындағы қауіпсіздік шараларының күшейтілуі, әсіресе, қауіпті саналатын учаскелерге қосымша жасақтардың шығуы ахуалды біраз түзеді. Прокурорлар осының нәтижесінде биылғы жол-көлік апаттарының саны өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға төмендегенін айтып отыр. Яғни, былтыр 313 болса, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 306-ны құраған. Дегенмен, тәртіп қаншалықты қатайса да көлік руліне мас болып отыратындар әлі азаймай тұр. «Мұндай адамдардың жазасыз қалмауы, жауапкершілікке тартылуы – біздің ерекше назарымыздағы мәселе. Әкімшілік жаза қолданылмаса, заңсыздыққа барған адам өзінің кінәлі екендігін сезінбесе, келеңсіз жағдай қайталануы ықтимал. Сондықтан, оған жол беруге болмайды» дейді бөлім аға прокуроры Мерген Өмірбекұлы.

Бек АЙДАРАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button