Жарнама
Құқық

КЕШІРІМНІҢ ДЕ ШЕГІ БАР

Қоғамда кеңінен талқыланған автокресло мәселесі әлі өзекті. Депутаттар балаларды автокреслосыз алып жүруге болмайтындығы туралы талапты бір жылға кейін шегеруді сұраған. Дегенмен,  Ішкі істер министрі Қал-мұхамбет Қасымов заңның талабын орындау кейінге шегерілмейтінін айтты. Жол қауіпсіздігіне жауапты жергілікті орган өкілдері де орталықтан тиісті нұсқау келмегендігіне тоқталады.

— Жаңа жол жүру ережесі өз күшінде. Жүргізушілерге бүгінгі талап та соған байланысты қойылып отыр, — дейді облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Досай Жұпқалиев.

Жол қозғалысы туралы жаңа заң, жол жүрудің жаңа ережесі көлік тізгінін ұстағандарға талапты күшейтті. Әсіресе, қалта телефоны құлағынан түспейтіндер енді заңсыз қылығы үшін қатты өкінуі мүмкін. Бұған дейін де жүгенсіз жүргізушілерге қатысты тәртіп осал емес еді, енді олар көлік жүргізіп келе жатып сөйлессе, 18 550 теңгені  айыппұл ретінде төлеуден өзге амалы қалмайды.

Қазіргі заң бойынша мас күйінде көлік жүргізетіндерге аяушылық болмайды. Мұны оқырманның назарына қайтадан еске салған артық болмайды. Полицейлер «ішімдік ішіп, рөлге отырған адам – аса қауіпті қылмыскермен бірдей» дегенді жиі айтады. Шыныменен, бұрыннан бар тәртіпке, қазіргі талапқа мойынсұнбағандар қолындағы көлік жүргізу құжатынан 10 жылға дейінгі мерзімге дейін  айырылады. Сондықтан, «темір тұлпардың» тізгінін ұстағандар «тек жүрсең – тоқ жүрерсің» деген халық сөзін ұмытпағандары абзал.                               

        Бек АЙДАРАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button