КЕЛІМСЕКТЕР ҚАМАЛДЫ

Қызылқоға аудандық соты 12 шетелдіктің ісін қарап, оларды әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.

 

Сот барысында анықталғандай, келімсектер Маңғыстау облысындағы Бейнеу кеден бекеті арқылы Қызылқоға ауданына жеткен. Осылайша, шекара асып келгендер бір тұрғын үй құрылысында емін-еркін жұмыс жасап жүріпті. Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясының инспекторлары заңсыздықтың жолын уақытында қиды. Сақшылар төлқұжаттарды тексеру барысында шетелдіктердің жұмысқа орналасуға рұқсат алу құжаттары жоқ екендіктерін анықтаған. Сол себепті, еліміздің көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғандығы үшін хаттама толтырылған болатын.

 Бүгінде сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бек АЙДАРАЛИ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз