Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды балалар жылы деп жариялай отыра, балалардың құқықтарына аса көңіл бөлуді атап өткені белгілі.
Атырау қаласының прокуратурасы балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау кезінде олардың өмірі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.
Талдау барысында мектеп автобустарының жүргізушілерінде көлік құралдарын басқару құқығының тиісті санаты болмағаны анықталды.
«Бұдан басқа, көлік құралдарын міндетті техникалық тексеру жүргізілмейтіні анықталды. Бұл балалардың өмірі мен денсаулы-ғына қауіп төндіреді», — деп бөлісті ведомствода.
Талдау нәтижелері бойынша қала прокуратурасымен заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді.
Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин хабарлаған-дай, прокурордың актісі бойынша қала мектептерінің 5 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мектеп автобустары-ның 2 жүргізушісі жұмыстан шеттетілді.
Көрсетілген салада анықталған бұзушылықтар жойылды, мектеп автобустарының жүргізушілерінің құжаттары мен көлік құралдары қойылатын талаптарға сәйкестендірілді.
Одан басқа, прокуратура балалардың қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз етті.
Белгілі болғандай, Атырау қалалық мәслихатының 27.03.2015 жылғы №268 шешімінің талаптарына қарамастан, екінші сапардан кейін балалардан жолақысын төлеуді талап еткен.
«Прокурордың актісі бойынша заң талаптарына сәйкес тегін жол жүру қамтамасыз етіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкер-шілікке тартылды», — деп қорытындылады қала прокуроры.
Атырау қаласының прокуратурасы