ИНСПЕКТОРДЫ КӨРМЕЙМІЗ
Алайда, қаладағы Лесхоз ықшамауданында 25 жылдан бері тұратын біз учаскелік инспекторымызды көрмеспіз. Иә, айтпақшы, осыдан екі жыл бұрын «Мен Сіздердің жаңа учаскелік инспекторларыңыз боламын» деп бір жас жігіт келіп кеткен. Оған тұрғындар болып проблемаларымызды айтқанбыз. Мысалы, үй маңында мас адамдар жүреді, кірме дәлізге кіріп, темекі тартатындар бар. Айналадағы жағдайды бақылайтын бейнекамералар орнатылмаған. Осы мәселелерді шешу қолынан келмегендіктен бе, әлде өзге жағдай себеп болды ма, кім білсін, содан кейін әлгі полицейден көз жазып қалдық. Телефонының нөмірін де, қайда отыратынын да білмейміз.
Осындай жағдайда жаңадан жергілікті полиция қызметінің құрылуы кемшіліктерді уақытында түзетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Мәншүк БЕРМАҒАНБЕТОВА,
Лесхоз ықшамауданының тұрғыны.
Атырау қаласы.
Жазып алған: Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.