Жарнама
Құқық

ІІМ хабарлайды: банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік енгізілді

Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы маңызды өзгерістер туралы ескертеді, — деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді. Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады. Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді. Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті. ІІМ ұсынады: ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз; картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы «оңай ақша табуға» келіспеңіз; күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-habarlajdy-bank-kartasyn-ushinshi-tulghalargha-bergeni-ushin-zhauapkershilik-engizildi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button