Жарнама
Құқық

ІІМ: “Әлеуметтік“ газ ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, аталған өңірде кен орнының аумағынан «әлеуметтік» газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болған.

«Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін теміржол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button