Жарнама
Құқық

«Халық заңгері»: Тұрғындар тегін кеңес алды

Атырау облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы аясында 300-ден астам тұрғын құқықтық көмек алды. Әлеуметтік іс-шарада білікті заңгерлер, прокуратура, әділет және құқық қорғау органдары мен мемлекеттік орган өкілдері, барлығы 90 сарапшы тегін кеңес берді.

Бір уақытта Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай, Мақат аудандарында және Атырау қаласында өткен акция жергілікті атқарушы органдар мен әділет департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Параграф», Zakon.kz ақпарат құралдарымен бірлесіп ұйымдастырылды. Ал, құқықтық акцияның ең ауқымдысы Қызылқоға ауданында өтті. Екі сағаттың ішінде ауданның 100-ге жуық тұрғыны заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдердің көмегіне жүгінді.

–«Халық заңгері» акциясы аясында біз – мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер азаматтарға проблемалық мәселелерін шешуге көмектесу үшін бірігіп отырмыз. Нәтижесінде 90-нан астам сарапшы облыстың 300 азаматына кеңес берді. Кейбір мәселелер сол кезде шешілсе, бірқатары құжаттарды жинауды талап ететін мәселе болды, ал қалғаны ерекше бақылауға алынды, — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.

Мұндай ауқымды шарада Атырау облысының тұрғындары мәселесінің шешілгеніне қуанса, енді бірі «сауатты кеңес алдық» деп сарапшыларға риза болды. Көмекке жүгінген адамдар маманмен сөйлескеннен кейін, бұдан әрі қандай қадам жасау керек және өз мәселесін шешуді қалай тез аяқтау керектігі жайлы нақты кеңес алды. Бұл аспект көптеген адамдар үшін ерекше құнды болды, өйткені әркімнің адвокатқа жүгінуге немесе бір іс-шара аясында бірнеше мемлекеттік органдардың өкілдерінен кеңес алуға мүмкіндігі жоқ.

Акцияның сарапшылары мен ұйымдастырушыларына көптеген қатысушылар тегін заң көмегін көрсетудің мұндай мүмкіндіктері қоғамның барлық топтары үшін құқықтық қорғауға қолжетімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын түсініп, алғыстарын білдірді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button