Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс туралы бірер сөз.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2020 жылдың 1 наурызынан бастап, Атырау облыс әкімдігі ғимаратында азаматтарды мәселелері бойынша қабылдау жөніндегі Фронт-кеңсе ашылып, 1 сәуірінде облыс әкімі аппаратының Өтініштермен жұмыс жөніндегі бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) құрылған. Фронт-кеңсе жұмысын аталған бөлім үйлестіруде.
Бұл ретте, Фронт-кеңсеге келген азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру жөніндегі мақсат қойылған.
Осыған байланысты, Фронт-кеңсе ашылғалы оған 500-ден астам азаматтар келіп, мәселелеріне қарай, облыс әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауына жазу, өтініштерді қабылдау, тіркеу және жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің құзырлы лауазымды тұлғаларымен консультациялар мен түсініктер беру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Күні бүгінге Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 19 750 өтініш келіп түсті.
Оның ішінде, 4 863 өтініштер оң шешілген, жер мәселесі — 3 311 (кәсіпкерлерге жерді уақытша жалға беру, жердің пайдалану құқығын рәсімдеу, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару және т.б.), тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселелері – 286 (пәтер бөлу, баспана салып беру, тұрғын үйдің жалдау төлемі, коммуналдық төлемдер, тұрғын үй жөндеу, инфрақұрылымдар жүргізу және т.б.), әлеуметтік көмек көрсету мәселесі – 376 (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қаржылай көмек, құрал-жабдықтар, азық-түлік, дәрі-дәрмектер беру, баспасөзге жазу және т.б.), еңбек қатынастары мәселелері – 334 (еңбек дауларын шешу, төленбеген еңбек ақыны төлету, жасалмаған еңбек келісім шартарын жасақтау, қызметкерлерге қатысты алынған тәртіптік шаралар бойынша шешімдерді өзгерту және т.б.), кәсіпкерлікті қолдау мәселелері – 171 (кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстарды қолдау, кәсіпкерлерге қызмет етуге рұқсат беру және т.б.),
пандемия кезіндегі төтенше жағдайындағы әрекеттестік мәселелері – 87 (кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР аумағында кіріп, шығуына рұқсат беру және т.б.), жұмыспен қамту мәселелері – 33 (жұмысқа орналастыру, жұмыссыздыққа тіркеу, жұмыссыздық жәрдемақысын тағайындау, қоғамдық жұмысқа жолдама беру және т.б.), білім беру мәселелері – 40 (оқушыларды қашықтықтан оқыту, білім жетілдіру семинарлары туралы құрылымдық бөлімшелерді таныстыру және т.б.), денсаулық сақтау мәселелері – 137 (квота бөлу, тегін дәрі-дәрмек, сапалы ем беру, мүгедектік тағайындау құжаттарын рәсімдеу, жедел жәрдем көмегі, учаскелік дәрігерлердің науқастарға кеңес беру және т.б.),
ауыл шаруашылғы мәселелері – 14 (ауыл шаруашылық өнімдері бағасын тұрақтандыру, ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру, тауар өндірушілерге қолдау көрсету, мал шаруашылығын дамыту, шаруа қожалығы мәселесін қарау, субсидия бөлу және т.б.), мәдениет және спорт мәселелері – 8 (мәдени және спорттық шараларды өткізуге қолдау көрсету және т.б.), басқа да мәселелер бойынша – 66 (ономастика, шекаралық құжаттар сұрату, адам құқығын қорғау, аң аулауға шығу, шешім көшірмелерін сұрату және т.б.), 14 887 өтініштерге қолданыстағы заң шеңберінде түсініктер берілді.
Өңір халқымен төтенше жағдай және коммуналдық-шаруашылық мәселелеріне қатысты өзара әрекеттестік, қолжетімділік, ашықтық пен жариялылық орнату аясында, олардың өзекті сұрақтарына жауап беруге арналған «109» (операторлар саны-24) және «112» (операторлар саны-17) жедел байланыс call-орталықтары қызметі ұйымдастырылған. Қазіргі уақытқа дейін «109» қызметіне 181 001, «112» қызметіне 290 262 адам қоңырау шалған және ол бойынша тиісті шаралар алынған.
Сондай-ақ, «Атырау облысының әкімдігінің» телеграм-чат каналы онлайн форматта жұмыс жасауда. Ал, ол өз кезегінде тұрғындардың мәселелері бойынша нақты уақыт режимінде сұрақтарын қоюға және оған шұғыл түрде жауап алуға жасалған мүмкіндік. Қазіргі таңда чат қолданушыларының саны – 22 031 азаматтан асқан.
Өтініштермен жұмыс бойынша Атырау облысы әкімдігінің веб-сайтында (atyrau.gov.kz) Бөлімнің арнайы парақшасы ашылып, онда сәйкесті мәліметтер (көп қойылатын сұрақтар, облыс басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі және т.б. мәліметтер) мен жеке қабылдауға жазылу және өтініш беру функционалы қамтылған.
Облыс әкімі аппаратының Өтініштермен жұмыс жөніндегі бөлімі жоғарыда аталған жұмыстарды одан әрі жандандырады және ұдайы бақылауында ұстайды.
«Атырау облыс әкімі аппаратының өтініштермен жұмыс жөніндегі бөлімі»