Жарнама
Құқық

Халық сеніміне лайық болу – әр офицердің парызы

Құқық қорғау саласының ардагері ретінде айтарым, Астанада Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясының ашылуы – мен үшін ерекше тарихи оқиға. Бұл – тәуелсіз Қазақстан құқық қорғау саласының дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидатын басым бағыт ретінде ұсынуы — уақыт талабынан туындаған, ел тағдыры үшін маңызы зор шешім. Ал бұл идеяны нақты іске асырып отырған ІІМ Басқару академиясы — осынау стратегиялық бағыттың нақты көрінісі.

Мен өз қызметімді адал атқарып, талай жас маманға тәлімгер болған адам ретінде мынаны анық айта аламын: құқық қорғау саласының болашағы – сапалы дайындықтан өткен, кәсіби әрі адамгершілігі жоғары кадрларда. Қазір қоғамның талабы артты. Халық құқық қорғау органдарынан әділдік пен ашықтық күтеді. Ендеше, бұл сенімге лайық болу үшін білімді, технологияны жетік меңгерген, заманауи ойлайтын басқарушылар қажет. Басқару академиясының негізгі миссиясы – дәл осындай мамандарды даярлау.

Премьер-Министр Олжас Бектенов өз сөзінде бұл оқу орнының тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін емес, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыратын маңызды буын екенін атап өтті. Бұл – өте орынды пікір. Себебі, қазіргі күрделі жағдайларда қауіпсіздік мәселесі тек полиция жұмысына ғана емес, мемлекеттің тұрақтылығына тікелей әсер ететін фактор.

Маған ерекше әсер еткен нәрсе — оқу орнының заманауи инфрақұрылымы мен техникалық базасы. Цифрлы зертханалар, жасанды интеллект қолданылатын аналитикалық платформалар, «ақылды көзілдіріктер» мен роботтандырылған техникалар – бұл бұрын біз армандаған дүниелер еді. Енді жаңа буын осы мүмкіндіктерді игеріп, кәсіби міндеттерін мүлтіксіз атқаруға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар Академияның магистратура және докторантура бағытындағы бағдарламалары – ІІМ кадрлық әлеуетін жүйелі түрде күшейтуге жол ашады. Бұл – білім мен тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ететін өте құнды платформа. Басшылық құрамға арналған жыл сайынғы оқыту – нақты нәтиже беретін, жүйелі қадам.

Осындай маңызы зор жобаны іске асырған Мемлекет басшысына, ІІМ басшылығына және барша ұйымдастырушыларға ардагерлер қауымы атынан шынайы алғысымды білдіремін. Академия түлегі – тек жақсы маман ғана емес, сонымен қатар халықтың сенімін ақтайтын тұлға болуы тиіс. Біз ардагерлер — әрқашан жастарға бағыт-бағдар беруге, тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз.

Бүгінгі жас офицер – ертеңгі ел тірегі. Ал ІІМ Басқару академиясы — сол тіректі мықты ететін ұлт мектебі болады деп сенемін.

Ерсайын ӨМІРОВ,

құқық қорғау саласының сарапшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button