Жарнама
Құқық

Есірткі таратқан екі күдікті ұсталды

Атырауда полиция есірткі өткізбек болған күдіктілердің жолын кесті. Есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы өткізбек болған күдіктілердің бірі – 19, екіншісі 39 жаста. Олардан 350 бума есірткі тәркіленді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулеттің хабарлауынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Атырау қаласы аумағындағы есірткі заттарын таратумен айналысқан Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдіктінің жалға алынған пәтерін тінту барысында 181 пакетке оралған ерекше иісі бар қара қоңыр түстес есірткі тәркіленген.

–Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан ер адамды да ұстады. Тексеру кезінде одан 25 бумаға оралған есірткі тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктінің қала аумағында жасырған 6 бума есірткі табылды.
Күдіктінің жеке пәтерін тінту барысында 96 бума синтетикалық есірткі және ерекше иісі бар жасыл түстес өсімдік салынған 31 бума тәркіленді, — дейді М.Ердәулет.

Айта кету керек, қазір 2 күдікті де қамауға алынып, оларға қатысты қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпаса керек.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button