Жарнама
Құқық

Есірткі қылмысына қатысты жаңа заң күшіне енбек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі өндіру және оны таратуды ұйымдастырғаны үшін қолданылатын жазаны қатаңдатуды, сондай-ақ есірткі жасырумен алғаш ұсталған қылмыскерлердің жазасын жеңілдетуді қарастыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы бастығының орынбасары Роман Ермұханов баспасөз брифингінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–Бұл заң Қазақстанда есірткі қаупімен күресті күшейтуге бағытталған. Ол қылмыстық жауапкершілік жүйесін жетілдіру арқылы есірткі өндірісін, оны таратуды ұйымдастыруды және есірткі қылмысына қатысушыларды жауапкершілікке тартуды күшейтеді. Есірткіні өндіріп, өңдеп немесе дайындағандар қамауға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге алынып немесе мүлкі тәркілене отырып, өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Ал есірткіні жасырып, алғаш рет қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылдан 8 жылға дейінгі аралыққа төмендетілді (бұрын 10 жылдан 15 жылға дейін еді). Себебі қылмыстық іс-әрекетті жасаушылар мен есірткі жасырушылардың көбі — жастар, — деді Р. Ермұханов.

Қайта қылмыс жасағандар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін, ал оқу орындарында және қылмыстық топ құрамында есірткі таратушылар үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сонымен қатар есірткі таратқан лауазымды тұлғалардың мүлкі тәркіленіп, оларды бас бостандығынан 15 жылдан 20 жылға дейін (бұрын 10-15 жыл аралығы) айыру қарастырылған.

Айта кетейік, есірткі қылмысына қатысты заң 3 наурыздан бастап күшіне енеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button