Енді соттылық туралы анықтаманы автоматты түрде алуға болады
Бүгінгі таңда «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған.Электрондық анықтаманы көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы алуға болады:
-www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы (mGov мобильді қосымшасы);
-www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталындағы бір реттік SMS пароль сервисі арқылы;
-«EgovKzBot» Telegram-бот арқылы.
Қызмет көрсетудің ең аз мерзімі 10 минут,қосымша тексеру кезінде 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Сонымен қатар,аталған мемлекеттік қызмет портал арқылы өзіне қатысты мәліметтер “Жеке кабинет” және (немесе) SMS-растау арқылы сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін.
Қағаз түріндегі анықтаманы көрсетілетін қызметті алушылар шетелге шыққан жағдайда ғана сұратады,ал Қазақстан аумағында электрондық нысандағы анықтама ғана пайдаланылады.
Соттылықтын болуы немесе болмауы туралы анықтамалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 79-бабы тәртібінде соттылықтың жойылғанын ескере отырып берілетінін назарыңызға саламыз.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ АЙМАҚТЫҚ КӨЛІКТІК БАСҚАРМАСЫ»