Жарнама
Құқық

“…Енді кімге шағымданамыз?”

Атырауда жыл басынан бері кәсіпкерлерге қатысты жоспарланған 80-нен астам заңсыз тексеру жойылды. Бұл туралы Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы кезінде айтылды. 

Тексеру субъектілері мен объектілерінің Бірыңғай тізімінде барлығы 1763 тексеру, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге қатысты 847 тексеру актісі, 366 профилактикалық бақылау дерегі тіркелген. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаумақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 3 тексеру ескертіліп, 83 тексерістің күші жойылған. Мұндай деректерді Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қасымхан Мырзатаев баяндады. 

b505a882 83a4 475d 91c9 3cf48dce8388

– Оның ішінде өткен кезеңде 44 тексерудің тіркеуден бастартылғандығы жөнінде ескертілсе, оның 34-і жекекәсіпкерлерге қатысты болатын. Сонымен қатар, 50-ден астамтексеру пысықтау үшін қайтарылды. Қабылданғаншаралардың нәтижесінде 21 лауазымды тұлға тәртіптікжауапкершілікке, 7 адам әкімшілік жауапкершіліккетартылды. Мемлекеттік органдар тарапынан жіберілгенбұзушылықтардың қатарында тексерулерді қалыптастыружәне тіркеу мерзімдерін сақтамауы, кәсіпкерлерден қандай дабір деректердің қызметтік қажеттілікке байланысты сұраусалуы, тексеру актілерін тағайындамай, кәсіпкер объектісінелауазымды адамның келуі және тағы басқалары бар. Бұлфактілер бизнестің қызметіне кесел келтірері сөзсіз. Сондықтан біз осы бағытта тұрақты түрде алдын-алужұмыстарын жүргіземіз, — деді Қасымхан Мырзатаев. 

Кәсіпкерлер құқықтары бұзылған жағдайда «Qamqor» мобильді қосымшасын пайдалана алады. Онда тексерулертуралы мәлімет іздеп, лауазымды тұлғалардың заңсызәрекеттеріне шағымдануға мүмкіндік бар. 

7f12d7eb 2d20 4ab7 928c 076fb603da0f

Сондай-ақ, кеңес барысында жеке кәсіпкер Әсел Есениязованың шағымы қаралды. Оның айтуынша, өткенжылдан бері өзін қоғамдық белсенділер деп атайтын адамдартобы оның бизнесіне шабуыл жасап келеді. 

Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында мейрамхана, шағын базар және балалар алаңы бар. Бұл жағдай өткен жылдан беріжалғасып келеді. Менің нысандарыма үнемі тырнақ астынанкір іздеген бір топ адам келеді. Олар тұтынушылардың атын жамылып, тауарлардың бағаларын, жарамдылық мерзімдерін, одан қалды ауламда темекі тұқылдарының жатқан-жатпағанынтексереді. Егер кемшілік көрсе, бірден полиция қызметкерлерін шақырады және мені айыппұл төлеуге мәжбүретеді. Олар менің атымды, бизнесімді әлеуметтік желілердетеріс жағынан жиі көрсетеді. Өткен жылдан бері мен солармен«алысып» келемін. Заң жүзінде сот менің пайдама шешім шығарды. Алайда, олардың шабуылдары тоқтаған жоқ. Өткен аптада олар мейрамханама, дүкеніме қайтадан келіп, мені кінәлау үшін тағы да себеп іздеді. Мен енді қалай жұмысістеймін? Өзімді және бизнесімді қалай қорғауға болады? Ендікімге шағымданамыз?» деді кәсіпкер. 

0245ecb0 7336 4674 8de9 552e5ffac1fe

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Атырау облысы бойынша секторының меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев мұндай жағдайлардың бірнеше мәрте талқыланып жүргенін атап өтті. Блогерлер немесе қоғам белсенділерішақырып, кәсіпкерлерді қорқытатын полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері қаншалықты заңды екендігі туралы мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр. Ал, жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ерлан Биғамбаев тәртіп сақшыларының келіп түскен әрбір өтінішке назараударуға міндетті екенін жеткізді. «Егер тәртіп сақшылары кәсіпкерлердің құқықтарын бұзып жатса, бизнес иесі олардыңүстінен шағымдануына құқылы» деді басқарма бастығы.

Кеңес қорытындысында оның мүшелері бизнес субъектілерінеқұзырлы органдарға олардың құқықтарын бұзудың қандай дадеректері болған кезде шағымдануына, жауапты органдарға болашақта осындай фактілердің алдын алу жөніндегі іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмін әзірлеуге кеңес берді.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button