Жарнама
Құқық

Еңбек саласында 229 құқық бұзушылық фактісі анықталды

Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Думан Әбеуов баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма басшысының айтуынша, келіп түскен шағымдарды зерделеу барысында 184 тексеру жұмысы жүргізілді. Оның 45-і шетелдік жұмыс күшін тартатын ірі кәсіпорындарға жатады. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзған 229 факті анықталып, 81 әкімшілік хаттама толтырылды.

— Биыл Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасына 1567 өтініш тіркелген болатын. Оның 1417 өтініші қаралып, 864 азаматтың еңбек қатынастары бойынша конституциялық құқықтары қорғалды. Заңсыздықтарды жою үшін арнайы 99 ұйғарым енгізіліп, 81 әкімшілік хаттама толтырылды. Басқармаға тікелей жолығу арқылы еңбек инспекторлары 2234 азаматқа құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деді Д.Әбеуов.

Баспасөз брифингінде Д.Әбеуов тұрғындарға еңбек шарты туралы ақпарат беріп өтті.

— Еңбек шарты — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Сол еңбек шартының ішінде жұмыскердің құқығы, міндеттері жазылады. Жұмысқа тұрған күннен бастап міндетті түрде еңбек шарты жасалуы тиіс. Егер еңбек шарты жасалмаған жағдайда жұмыскер өз құқығын қажетті дәрежеде қорғай алмайды. Егер азамат жұмыс барысында қандай да бір еңбек заңнамасын бұзған жағдайларды байқаса, еңбек инспекциясына хабарласуға немесе Атырау қаласы Пушкина 163 мекен-жайында орналасқан еңбек инспекция басқармасына келіп шағымдануға құқылы. Оған қоса үйден шықпай-ақ «e-otinish» мобильді қосымшасы арқылы арыз жіберуге болады, — деді Д.Әбеуов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button