Жарнама
Құқық

Елімізде жаңа әлеуметтік акция басталады

Қазақстанның барлық өңірінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараға кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

Акция республика Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырушылар болып табылады.

Айта кету керек, акция Атырау облысында 30 мамыр күні сағат 15.00-де Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Х.Досмұхамедұлы көшесі, 1 мекенжайындағы «Арман» мәдениет үйінде өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button