Жарнама
Құқық

Елімізде мал ұрлағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болды

Елімізде мал ұрлағандар енді 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болды.

 Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Ол мал ұрлығына қарсы іс-қимыл ішкі істер органдары қызметінің негізігі бағыттарының бірі екенін айтты.

«Осы қылмыс түрі ауыл тұрғындарына айтарлықтай материалдық және моральдық зиян келтіреді. Мал ұрлығына қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін ІІМ заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шаралар қабылдауда. ІІМ бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдарға мал жаю қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша құзырет берілді. Оған сәйкес малды бақылаусыз жайылымға жіберуге тыйым салынады. Ағымдағы жылдың 10 айында ғана осы бұзушылықтар үшін 36 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды», — деді ІІМ ресми өкілі өткен брифингте.

Оның айтуынша, қылмыстық кодекске мүлкін тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жазаны көздейтін «Мал ұрлығы» деген жеке бап енгізілген. Осы бап негізінде үй-жайларға кіріп мал ұрлайтындарға жаза күшейтілген.

«Мал ұрлығының топтық түрімен күресу үшін өңірлерде жедел-іздестіру топтары жұмыс істейді. Олар мал базарлары мен мал сою орындарында арнайы рейдтер жүргізеді. Жыл басынан бері полиция сегіз жүзден астам мал ұрлығын, оның ішінде 112 қылмыстық топты ұстады. Ұрланған 7 мың малдың 4 мыңға жуығы табылып, қайтарылды. Мәселен, Павлодар облысында құрамында 15 адам бар қылмыстық топ анықталып, 18 мал ұрлығының жасалғаны дәлелденді. Жалпы, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда мал ұрлығының саны 38,5%-ға төмендеді. Егер 2016 жылы осындай 7 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2020 жылы 2 мыңнан аспайды», — деп түйіндеді Нұрділдә Ораз.

Stan.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button