Құқық

Елде 37 мың қазақстандық жазасын өтеуде

Бүгінде елімізде 78 түзеу мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 62-сі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау бойынша қызмет атқарса, 16-сы тергеу изоляторы. Бұл орындарда 37 мың адам жазасын өтеп жатыр. Мұның ішінде 32 мың сотталған және 5 мың қазақстандық тергеу-қамауға алынған.

Республика Ішкі істер министрлігінің өкілі Шыңғыс Алекешевтің сөзінше, тұтқындардың бір бөлігі жұмыс істейді. Олар негізінен құрылыс материалдарын, металл конструкцияларын, ағаштан және пластиктен жасалған бұйымдарды өндіру жұмыстарына қатысады. Сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерін өндіруге атсалысуда. Жабық колонияларда барлығы 11 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылса керек.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button