Жарнама
Құқық

Цифрлық жүйенің тиімділігі неде?

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Асұлан Каримов брифинг өткізді. Әділет департаменті халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында тың жобалар іске қосылғанын баяндады.

Соның бірі «E-ZanKomegi» жүйесі. Бұл жүйе арқылы тұрғындар онлайн режимде құқықтық кеңес ала алады. Ал, цифрландыруға негізделген «Робот сот орындаушы» жүйесі арқылы азаматтар 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар мен салық берешегін оңай әрі тез өтей алады. Жоба борышкерлерге SMS және push-хабарламалар арқылы ескерту жібереді, ал қарызды өтеу процесі толығымен онлайн режимде жүргізіледі.

Нотариат саласында да өзгерістер бар. Сенімхат, келісімдер мен нотариустық кеңестерді енді бейнеқоңырау арқылы рәсімдеуге болады. Цифрландыру бағытындағы бұл өзгерістер халықтың уақытын үнемдеп, қызметтерді қолжетімді әрі тиімді етуде. Бұл жаңашылдықтар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң қызметтерін барынша қолжетімді етеді.

Мейрам КУКАТОВ,

Атырау облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button