Жарнама
Құқық

Былтыр 10 300-ден астам адамға тегін заң көмегі көрсетілген

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс адвокаттарымен мемлекет кепілдік берген заң көмегі арқылы 10 373 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Бұл туралы Атырау облыстық адвокаттар алқасының қалалық заң консультациясының меңгерушісі Асхат Кенжалиев брифинг барысында мәлімдеді.

Облыс аумағындағы адвокаттар алқасында 197 маман тіркелген. Асхат Кенжалиевтың айтуынша, мемлекет кепілдік берілген заң көмегі қыметті тегін алуға құқығы бар жеке тұлғаларға көрсетіледі.

–Тегін қызметтің ақысы мемлекеттік бюджеттен өтеледі. Заң көмегі қазіргі азаматтық қоғамның маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Бұған дәлел ретінде өзі ісін білетін кәсіби заңгерлердің қызметін келтіруге болады. Тегін заң көмегі әлеуметтік осал топтағыларға, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар тұлғаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға көрсетіледі. Бұл көмек адвокаттық кеңселерде, әділет департаментінің «Азаматтарды қабылдау орталығында», «Әділет кеңес береді» акцияларында, әртүрлі құқықтық көмек көрсету шараларында адвокаттар мен құзырлы мемлекеттік органдардың қатысуы арқылы тұрақты түрде жүргізіледі, — деді ол.

Айта кетейік, енді «Е-Заң көмегі» жүйесіне азаматтар онлайн түрде жүгіне алады. Бұл жүйенің халық үшін пайдасы зор. Заң көмегін қажет ететін адам өзінің жеке телефонына «eGov mobile» қосымшасын жүктеп, оның ішінен «E-заң көмегі» деген сілтемеге кіре отырып, жеке мәселесін шеше алатын, сол саланы жақсы меңгерген және азаматтық немесе қылмыстық істерде көп тәжірибесі бар заңгерді немесе адвокатты таңдай алады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button