
Бұл маңызды қадам
Қазақстанның Еуропа Кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Конвенциясына қосылуы – тарихи әрі маңызды қадам. Бұл – еліміздің қылмыстық процестегі халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп қана қоймай, құқық қорғау органдарының жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Бұдан былай шетелден құқықтық көмек сұрау, дәлелдемелер жинау немесе заңсыз жолмен шығарылған активтерді елге қайтару секілді күрделі үдерістер тиімді әрі жедел жүзеге асады. Бұл – қылмыскерлердің жазасыз қалуына жол бермейтін, «қылмыс жасадың ба – жауап бересің» деген қағиданы халықаралық деңгейде орнықтыруға бағытталған маңызды алғышарт.
Сонымен қатар, осы Конвенция аясында Еуропаның 46 елімен бірден жұмыс істеу мүмкіндігі Қазақстанды әр мемлекетпен бөлек келісім жасасудан арылтып, құқықтық қатынастарды біріздендіреді. Бұл – заң үстемдігін қамтамасыз етудің, құқықтық мемлекеттің дамуының тағы бір белесі.
Рысты ҚАЛИЕВА,
заңгер
Сурет: pixabay.com