Жарнама
Құқық

Браконьерлер заңды белден басып тұр

«Бекіре-2025» кең көлемді балық қорғау акциясы басталғалы бергі айдан астам уақытта «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары балық қорғау, құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 702 дерегін анықтады.

48036171 487c 4872 85dc 722eb26a2a8a

— Осы кезеңде 539 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, браконьерлікпен және сирек кездесетін, жоғалып кету қаупі төнген балық түрлерінің заңсыз айналымына байланысты кінәлі деп танылғандарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды. Оларға жалпы сомасы 12,8 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Есепті мерзімде заңсыз айналымдағы 2,9 тоннадан астам “су маржаны” (соның ішінде 584 келісі — бекіре тұқымдас бағалы балық, 2 келіден астам — қара уылдырық), 124 балық аулау құралы және 29 су көлігі тәркіленді. Одан бөлек, өзен сағалары мен теңіз акваториясында күнделікті тексеру шараларын жүргізу нәтижесінде қосымша 450 заңсыз қолданылған балық аулау құралы браконьерлерден тәркіленді. Акция мамыр айының соңына дейін жалғасады, — деді инспекцияның ресми өкілі Олег Тушканов.

398806b6 55c7 4f7d 9e4f 466684fec59d

Қабылданып жатқан шараларға, жүргізілген жұмыстарға қарамастан, браконьерлердің әлі де болса тәртіп пен талапқа бағынбай, заңды белден басып жүргені байқалады.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button