Жарнама
Құқық

Браконьерге бөгет, табиғатқа қорған

«Бекіре-2025» кең көлемді балық қорғау акциясы басталғалы бері айға жуық уақытта «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары балық қорғау, құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 459 дерегін анықтады.

— Осы кезеңде 340 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, браконьерлікпен және сирек кездесетін, жоғалып кету қаупі төнген балық түрлерінің заңсыз айналымымен байланысты кінәлі деп танылған тұлғаларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды. Оларға жалпы сомасы 8,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Есепті мерзімде 2,5 тоннадан астам «су маржаны» (соның ішінде 436 келісі бекіре тұқымдас бағалы балық, 2 келі қара уылдырық), 108 балық аулау және судағы 25 көлік құралы тәркіленді. Одан бөлек, өзендер сағалары мен теңіз акваториясында күнделікті тексеру шараларын жүргізудің нәтижесінде қосымша 291 заңсыз қолданыстағы балық аулау құралы браконьерлерден тартып алынды, — деді инспекцияның ресми өкілі Олег Тушканов.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: agroinfo.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button