Жарнама
Құқық

БОРЫШКЕРДІ АНЫҚТАУДАН ТАБУ ҚИЫН

Сот орындаушысы Г.Сүлекенованың айтуынша, сот орындаушылары атқару құжаттарын орындау кезінде бірнеше қиыншылықтармен бетпе-бет келіп жатады. Атап айтқанда, борышкердің атқару парағында көрсетілген мекен-жайында тұрмауы; меншігінде (иелігінде) жылжитын немесе жылжымайтын мүліктерінің тіркелмеуі, жұмыссыз болуы немесе оның екінші дәрежелі банктік мекемелерінде есеп-шоттарының болмауы, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу мекемесінде болуы және жұмыспен қамтылмауы, меншігіне тіркелген жылжымайтын мүлкі жалғыз баспанасы ретінде табылуы немесе банктерде кепілдікте болуы және тағы басқа жағдайлар.

— Жеке және заңды тұлғалардан ақша өндіру туралы атқару өндірістерінің орындалмау себептеріне жүргізілген талдау атқару өндірістерінің заңда белгіленген мерзім ішінде және нақты орындалуы тек сот орындаушының қызметіне ғана емес, өндіріп алушының қызметіне де байланысты екенін көрсетіп отыр. Әдеттегідей сот орындаушы өндірісіне келіп түскен атқару құжаты бойынша атқарушылық қызметін борышкерді іздестіруден бастайды.

Сот актісін орындаудағы ең негізгі қиыншылық та дәл осы жерден басталады. Өйткені, атқару парағында көрсетілген борышкердің жеке басы туралы мәліметтер және оларды қуаттайтын құжаттардың қаншалықты шындыққа жақын болуы — сот орындаушы қызметінің нәтижелі болуының алғышарты. Демек, атқару парағында борышкердің жеке басына қатысты мәліметтердің, яғни тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, нақты мекен-жайы, жеке куәлігінің нөмірі және басқа да мәліметтердің толық көрсетілмеуі сот орындаушының осы борышкерді тауып алып, сот актісін орындатуына жүз пайыз кедергі келтіреді десек, артық айтқандық болмас еді, -дейді Г.Сүлекенова.

Қазіргі уақытта Атырау облысы сот актілерін орындау департаментінің аумақтық бөлімдерінде «Дебиторлармен жұмыс бюросы» ЖШС-нің пайдасына өндірілетін 308 атқару құжаты орындауда тұр. Оның 59-ы борышкердің жұмыс орнына жолданған. 52 ат-қару құжаты бойынша борышкерлер жұмыссыз. 217 борышкерге ҚР-нан шығуына шектеу қойылған. 15 атқару құжаты бойынша борышкерлердің мүлкіне тыйым салынып, бір атқару құжаты ішінара орындалған.

«Дебиторлармен жұмыс бюросы» ЖШС-нің заңды өкілі Н.Байғожиев шағым жазуға Атырау аумақтық және Жылыой аумақтық бөлімдерінің сот орындаушыларының жұмысына салғырт қарауы себеп болғанын айтады. Дегенмен, Индер, Мақат, Құрманғазы аумақтық бөлімдерінің, соның ішінде Мақат аумақтық  бөлімінің аға сот орындаушысы А.Қалиеваның жұмысына ол ризашылық білдіреді. 

«Дөңгелек үстел» барысында «Дебиторлармен жұмыс бюросынан» орындауға жолданған атқару парақтары бойынша жұмыс қайтадан қолға алынатын болды. Жекелеген атқару парақтары табылмаған жағдайда салыстырмалы актілер жасақталмақ.

Шара соңында департамент пен жеке сот орындаушыларының және «Дебиторлармен жұмыс бюросының» арасында меморандум жасақталды. «Дөңгелек үстел»  қорытындысымен ай сайын «Дебиторлармен жұмыс бюросынан» жолданған және орындауға түскен атқару құжаттары бойынша салыстыру актісін жүргізіп отыру және сот орындаушылары мен банктердің бірігіп, борышкердің өндіріп алуға болатын мүліктерін анықтау, тізімдеу, бағалау және сауда-саттыққа шығару жұмыстарын жүргізуі жөніндегі шешімдер қабылданды. Сондай-ақ, әр аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері тараптар біріге отырып, АСУКИП базасы арқылы борышкерлердің жұмыс орнын анықтау шараларын жүзеге асыратын болады.  

                   Құралай Қуатова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button