Жарнама
Құқық

БІЛІМ ДЕ, БІЛЕК ТЕ КЕРЕК

 

Осындай талаптардың үдесінен шығуда полицейлер бұрынғы қоғамның тұсында еселі еңбек етті. Сол уақытта сала мамандары санының аздығына қарамастан нәтижелі жұмыс жасады. «Бармақ басу, көз қысу» дейтін келеңсіз жағдайды да мүлдем естімейтінбіз. Қоғамның тыныштығын қамтамасыз етуде учаскелік полицейлер халықпен етене араласты. Әрбір үйдің тұрғындарын тізімге алып, қадағалап отырушы еді.

Ал, бүгінде полицейлердің саны бұрынғыдан әлдеқайда артты. Оның үстіне, әлеуметтік жағдайлары жақсарды. Әрқайсысы қызметтік көлік, бейнекамера, дыбыс өлшегіш құрылғылар секілді түрлі қажеттіліктермен толық қамтылған. Тәуелсіздік жылдарында барлық жағдай жақсарды. Бұл өз кезегінде полицейлерге үлкен міндет жүктейді деп санаймын. Сондықтан, сала мамандарының өз қызметтеріне атүсті қарауына еш негіз жоқ.

Мүтәлі ТӘЙТЕНОВ,

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті ардагері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button