Бағаны негізсіз көтергендер жазаланды

61d9373bef461219951887 Құқық

Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтергені үшін екі кәсіпкерлік нысанды жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.
2 сәуір мен 8 сәуір аралығында 1 сауда желісі мен 1 бөлшек сауда субъектісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің белгіленген тармағына сәйкес жауапқа тартылды.

–Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алда да бақылауда болады. Бағаны негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылады, – деді Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Әлем Уалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз