Құқық
АЯННЫҢ «АЙБЫН» ОРДЕНІ
Кезінде Аян Атыраудағы тергеушілік қызметін «Атырау» газетіне сұхбат беруден бастаған. Одан соң талай жерде лауазымды қызмет атқарды. Қазір де мұнайлы өңірде құзырлы орган басшыларының бірі. Ол қайда жүрсе де облыстық газетпен байланысын үзген жоқ, байырғы оқырмандарының бірі. Сондықтан, Аян Сәбитұлын бүгінгі марапатымен сүйікті басылымы атынан да құттықтауды жөн көрдік.