Жарнама
Құқық

Ауылдарда құқық кабинеттері қызмет көрсетеді

Бүгінде Атырау облысында ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа қолжетімділігі артты. 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстың ауыл тұрғындарына құқықтық ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету мақсатында бірқатар жұмыс атқарылуда. Соның бірі – құқық кабинеттерінің құрылып, олардың жұмыс белсенділігінің арттырылуы.

Атырау облысы Әділет департаменті құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Ахатованың айтуынша, аймақта 153 елді мекеннің 132-сі интернет желісімен қамтылып, 60 ауылдық округтің әкімдік ғимараттарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары ашылған. Бұл орындар тұрғындардың «Заң» деректер базасына еш қиындықсыз қол жеткізе алатын компьютерлермен жабдықталған.

Сонымен қатар «Әділет kz» және «Заң» дерекқорлары арқылы ауыл тұрғындары қолданыстағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше зерттей алады. Бұл бастама ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және қажетті ақпаратты жылдам алуына мүмкіндік береді.

– Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің отырысында барлық елді мекеннің интернет желісімен қамтылуы және қажетті техникалық жабдықталуы мәселесі талқыланып, халыққа сапалы құқықтық қызмет көрсету үшін нақты шаралар қолға алынды. Бұл жұмыстар облыстағы тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, мемлекеттік қызметтерді тиімді пайдалануға үлкен септігін тигізеді, — деді Айгүл Ғарифоллақызы.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button