Құқық
ӘУЕЖАЙДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?
28 шілдеде елорда әуежайының электронды поштасына жарылғыш зат туралы хабарлама келіп түсті.
Тәртіп сақшылары оқиға орнына аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
— 28 шілде күні сағат 09:46-да «102» арнасына авиациялық қауіпсіздік қызметінен әуежайдың электронды поштасына әуежайға қолдан жасалған жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келгені туралы ақпарат келіп түсті, — деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Хабарламада полицияның әуежайды тексергені айтылған. Жарылғыш зат табылмады.
Сонымен қатар, департамент қойылған жарылғыш зат туралы көрінеу жалған хабарлама қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.