Атыраулық полицейлер лифт есігін сындырған 33 жастағы азаматты анықтады
26 желтоқсан күні №14 учаскелік полиция бекетіне Нұрсая мөлтек ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде тұратын 33 жастағы тұрғын келіп, 25 желтоқсан күні сағат 23:45 шамасында өздері тұратын үйдің жедел сатысының (лифт) есігін ішімдік ішкен белгісіз ер адамның теуіп сындырып кеткендігі жөнінде арызданған.
Полицейлер аталған дерек бойынша бейнебақылау камерасындағы жазбаларды зерттеу арқылы жедел сатының (лифт) есігін сындырған сол үйде тұратын 33 жастағы азаматты анықтады. Ол өзінің ашу үстінде тұрған кезінде жедел сатының есігін сындырғанын айтып, өз кінәсін мойындаған.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, жедел сатының (лифт) есігі жөнделіп, қайта орнына келтірілді.