Атырауда 200 доза мефедрон тәркіленді
Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Атырау қаласының аумағында есірткі таратумен айналысқан күдіктіні қылмыс үстінен қолға түсірді.
Аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті – 24 жастағы азамат, жалдамалы пәтерінде ұсталды. Оның пәтерін тексеру барысында полиция қызметкерлері салмағы 100 граммды құрайтын, яғни 200 дозадан тұратын мефедрон есірткі затын тәркілеп алды.
–Қазір күдікті қамауға алынды, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды, — делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кету керек, «Қарасора» іс-шарасы есірткі қылмысының жолын кесу және алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ