Атыраулық «ANACO» миллиондап айыппұл төлеуге мәжбүр болды
Республикадағы ең бай бизнесмендердің бірі Сағат Түгелбаевтың «ANACO» компаниясына жер қойнауы ресурстарын ұтымсыз пайдаланды деп айып тағылды.
Prokadry.kz ақпараттық ресурсы таратқан мәліметке сүйенсек, прокуратура мұнай өндіруші компанияның 4 миллион текше метр шикі газдың жоғалуына жол бергенін анықтаған.
«Бұл – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» республика заңының мәртебесін бұзу. Көмірсулардың жоғалуын болдырмайтын әдістерді құтқарушылар жүргізуі керек. Тексеру нәтижесінде Мемлекеттік мұнай-газ кешені инспекциясы Батыс өңіраралық басқармасы шығын көлемін 673 130 278 теңгеге бағалады», — деп прокуратура өкілдері өздерінің дәлелдерін нақтылап отыр.
«ANACO» ЖШС-нің бірден-бір қатысушысы – швейцариялық «First Montana Capital AG» АҚ, ал оның президенті Сағат Түгелбаев.
Forbes мәліметтері бойынша, Сағат Қашқынұлы иелігіндегі 85 миллион доллар арқылы республикадағы ең бай кәсіпкерлер тізімінде 68-ші болып тұр.
Қуандық ШӘКІРОВ
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ