Жарнама
Құқық

Атырауда «Жылдамдық» рейдтік акциясы өтуде

2025 жыл «Профилактика жылы» аясында облыс аумағындағы қала сыртындағы және елді-мекендердегі тас жолдарда жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 3-5 наурыз аралығында «Кибер Шериф», «Оракул Инсайт» мобильді жылдамдық өлшегіш жиынтық құралдарының көмегімен бағыт тығыздығын арттыра отырып, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу жөніндегі профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына бағытталған облыстық «Жылдамдық» рейдтік акциясы өткізілуде.

Іс-шара кезінде Атырау облысы ПД патрульдік полиция қызметкерлері маңызы бар тас жолдарда жылдамдықты шамадан тыс асырған, мас күйде көлік басқарған, жол жүрісі қағидаларын бұзған және техникалық талаптарға сай келмейтін (лэд, ксенон жарық шамдарын орнатқан) көлік жүргізушілерін анықтап, түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button