Жарнама
Құқық

Атырауда жол ережесін бұзғандар планшетпен анықталмақ

Атырауда «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді тәртіп сақшылары жаңа үлгідегі планшеттермен жұмыс атқарады.

Ішкі істер министрінің тапсырмасымен әзірленген «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасы жол ережесін тиімді бақылауға, жазаны бұлтартпау қағидатын сақтауға арналған автоматты жүйе. Енді «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасына «Сергек» пен жедел басқару орталығының мәліметтері бірден көрсетілетін болады. Ол жол ережесін бұзатын көлік жүргізушілерін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Полиция қызметкерлері планшеттері арқылы жүргізушінің қазіргі орны туралы мәліметті көре алады. Оның ішінде: – көлікті жалған нөмірмен басқаратын жүргізушілер; – техникалық байқаудан өтпеген немесе сақтандыру полисінсіз көлік жүргізгендер; – оларды ұстау қажеттілігі туралы ақпарат түскен жүргізушілер; – 10 минут ішінде екі немесе одан да көп жол ережесін бұзғандар туралы мәліметтер бар. Полиция қызметкері «қауіпті жүргізуші» туралы ақпаратты алып, апаттың алдын алу шараларын қабылдайды.

Бұл планшеттер патрульдік полиция қызметкерлерінің қызмет барысында ақпараттарға колжетімділігін арттырады. Көлік жүргізушінің де, полиция қызметкерлерінің де уақытын үнемдеуге септігін тигізеді.

Жанерке Нұрғуатова,
Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің инспекторы,Полиция капитаны

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button