Жарнама
Құқық

Атырауда жоғалған әжей дін аман табылды

Атырау қаласында қызметтік иттің көмегімен 72 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны екі сағатта жедел табылды. Кіші инспектор-кинолог Айбар Батыров Рокки есімді қызметтік итімен азаматшаны Қазақстан теміржолы Атырау вокзалы маңынан іздеп тапты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 маусым күні түскі сағат 12:30 шамасында жоғалған әйелдің ұлы 102 арнасына хабар берген.

Оның айтуынша, жоғалған анасы сөйлей алмайды және психикалық ауытқуы бар. Ол сағат 9:00 шамасында «Химпоселек» шағынауданында туыстарының үйінен шығып кетіп, сол күйі хабарсыз кеткен. Туыстары оны өз бетімен іздеп көргенімен, іздеу жұмыстары нәтиже бермеген.

–Жедел қоңырау қабылдаған тәртіп сақшылары бірден жылдам әрекетке көшіп, егде жастағы әжейді іздеуді дереу ұйымдастырған. Полицейлер оның болуы мүмкін барлық жерді тексеруге кірісті. Кіші инспектор-кинолог Айбар қызметтік итімен бірге әйелді іздеуге жұмылды. Рокки азаматшаның киімінен шыққан иіс арқылы ізіне түсіп, нәтижесінде оны Қазақстан теміржолы Атырау вокзалы маңынан тапты, — дейді аталған департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Айта кету керек, табылған әжейдің туыстары полицейлерге жедел іздестіргені үшін ерекше алғысын білдіруде.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button