
Құқық
Атырауда жантүршігерлік жол апаты орын алды
Кеше, 3 шілде күні Атырау қаласына жақын тас жолда жантүршігерлік жол апаты тіркелді.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, сәрсенбі күні сағат 21:30 шамасында «Атырау-Астрахан» тас жолының 617 шақырымы тұсында маркасы Priora және Тoyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.
-Салдарынан Priora автокөлігі толықтай өртеніп кеткен. Toyota Camry автокөлігінің 2 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда, — дейді департаменттің ресми өкілдері.
Өз тілшіміз