Жарнама
Құқық

Атырауда заңсыз жүрген 100-ден аса шетелдік ұсталды

11 наурыз күні басталған «Мигрант» жедел профилактикалық іс шарасы бойынша Атырауда 100-ден аса мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал құрылыс нысандарында 16 заңсыз жұмыс жасап жүрген шетелдік анықталған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуының 5 бөлімі бойынша хаттама толтырылды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Республикалық шараның мақсаты көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу, ҚР аумағынан өз еркілерімен шығу туралы сот қаулыларын орындамаған шетелдіктерді анықтап, оларды мәжбүрлі түрде елден шығару.Айта кетейік, республикалық «Мигрант» жедел профилактикалық іс шарасы 15 наурызға дейін жалғасатын болады.

Сондықтан полицейлер құрылыс нысандары, мал соятын ет павильондарында, саяжайлар мен қыстақтарда, жеңіл тағамдар дайындайтын орындар мен көкөніс, жеміс-жидек сататын дүңгіршектер тексерілетіндігін ескертеді.

Малика ТАКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button