АТЫРАУДА ЗАҢСЫЗ ДӘРІГЕ ТОЛЫ КӨЛІК АНЫҚТАЛДЫ

screenshot 20220908 162717 Құқық

Атырауда іздеуде тұрған күдікті психотроптық дәрілерді заңсыз тасымалдау кезінде ұсталды.

Бұл туралы жергілікті ПД баспасөз қызметі хабарлады. 1 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында жедел басқару орталығының хабарлауымен Молдағалиев көшесі 26-үй шамасында Nissan автокөлігі күдікті ретінде тоқтатылды. Автокөлік салонын тексеру кезінде 52 дана трамадол, 67-тропикамид психотроптық дәрілері анықталды. Дәрігердің рұқсатымен ғана берілуге тиіс бұл дәрілерді заңсыз тасымалдаған 31 жастағы екі тұлғаға қатысты іс қозғалып, тіркеуге алынды. Бұндай көлемдегі дәрілермен еш қорқынышсыз қаланың әр шетіне қатынап жүрген күдіктілердің негізігі мақсаты белгісіз. Әзірше күдіктілер қамауға алынып, тексеріс шаралары жүргізілуде. ​

Айта кетейік, ұсталған күдіктінің бірі ҚР ҚК-нің 191-бабының бірінші бөлігі бойынша бұрын іздеуде тұрған күдікті екені анықталды.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз