Атырауда ұрланған 70 бас үй жануары иелеріне қайтарылды
Облыста мал ұрлығына қарсы күрес жұмыстарының нәтижесінде жыл басынан бері 70 бас үй жануары иелеріне қайтарылды. Қылмысты ескерту, алдын алу және ашу мақсатында жергілікті құқық қорғау органдары кешенді іс-шараларды ұйымдастырып, оған қатысы барлар анықталуда. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары бойынша мал ұрлығына қатысты 27 қылмыс ашылып, мұндай “іспен” айналысқан 7 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олардың әрқайсысына заң бойынша тиісті жазалар қолданылады.
Айта кету керек, тиісті заңдылықтарға сәйкес, бөтеннің малын жасырын жымқыру бойынша мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл салуға не түзеу жұмыстарына, немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе айыруға жазалануы мүмкін.
Өз тілшіміз